Ол бұл туралы Айова штатындағы жақтастарымен кездесуінде айтқан. «Трамп сайлауда жеңетінін айтты. Ол дұрыс айтады — сайлауда бәрі болуы мүмкін» деді, АҚШ-тың экс мемхатшысы. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Клинтонның ойынша, 8 қарашада өтетін сайлау әділ болмақ. Ол сайлаушыларын сол күні дауыс беру учаскелеріне келуге шақыра отырып, Трампты келушілер санын азайтуға талпынды деп айыптады. Клинтон сондай-ақ «Трамп сайлауға әйелдер мен жастарды және «түрлі-түсті тұрғындарды» қатыстырғысы келмейді» деп кінәлады.
Соңғы деректерге сәйкес АҚШ-тағы сайлау алды науқанында Клинтон Трамптан алда келеді.