Парижде тағы да мигранттар қаптап кетті

/uploads/thumbnail/20170709131200424_small.jpg

Бір аптаның ішінде Франция астанасындағы босқындар бұрынғыдан анағұрлым көбейіп кеткен. Бұл туралы "Қамшы" порталы Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін босқындар Каледегі арнайы лагерде тұрған болатын. Бірақ осы аптаның басында лагер жабылып, бес мың адам елдің басқа аймағына көшірілді. Ел үкіметі босқындарға басқа өңірлерге баруды ұсынса да көпшілігі Парижге қоныстануды қалаған. Соның салдарынан Париж көшелерінде босқындардың күркелері бей-берекет тігіле бастады.

Қазір Каледе мыңнан аса бала қалды. Олардың басым бөлігі Ұлыбританиядағы туыстарына баруды көздейді. Алайда Ұлыбритания қабылдаған балалардың саны 300-ге жетпейді.  Орын алған жағдайға Франция үкіметі алаңдаушылық білдіруде. 

Қатысты Мақалалар