Футбол матчы кезінде жарылыс болып, 9 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Ирактың оңтүстігінде екі жасөспірімдер командасы арасындағы футбол матчы кезінде жарылыс болып, 9 адам қаза тапты, тағы 32 адам жарақаттанды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Зардап шеккендер жеткізілген аурухана өкілдерінің айтуына қарағанда, қаза тапқандардың дені 15-20 жас аралығында спортшылар. Жарылыс дүйсенбі күні кешкісін мұсылман шиіттер көп тұратын Бабиль провинциясының әкімшілік орталығы Эль-Хилла қаласына орын алды. Билік өкілдерінің мәліметінше, матч арбитрінің ойынның аяқталуына берген ысқырығынан кейін бірден футбол алаңындағы автотұрақта тұрған шағын автобус жарылып, күлі көкке ұшқан.

"Қазақпарат"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар