Министр бас редакторларды құттықтады

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай республикалық және аймақтық БАҚ бас редакторларын төл мерекелерімен құттықтады. «Бүгінгі таңда журналистер қауымының, ақпарат саласы қызметкерлерінің жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай және ақпарат құралдары мемлекетіміздің, қоғамның рухани дамуына көп үлес қосып келе жатыр. Елбасы өзінің биылғы Жолдауында ақпараттық технологияларды белсендірек игеру қажеттігін атап өткен болатын. Бұл істе меніңше, басқа салаларға қарағанда, ақпарат құралдары үлгі-өнеге көрсетулері керек», - деп атап өтті министр. «Біз Сіздер оқырмандарға таратып жатқан ақпараттарыңызға, соның ішінде ашық қоғам құруға және мемлекетіміздің дамуына көмектесетін сыни мақалаларыңызға да алғыс айтамыз», - деді Д. Мыңбай. Салтанатты жиында 30 республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына құрмет грамоталары тапсырылды. Олардың ішінде «Хабар» агеттігі» АҚ, «Экспресс К», «Время», Bnews.kz, baq.kz, «Сыр медиа» және тағы басқалары болды.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

"Қазақпарат"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар