Әміржан Қосанов: Жемқорлықты жоюдың екі жолы

/uploads/thumbnail/20170708152524081_small.jpg

Қазақтар! Жемқорлықты жоюдың екі жолы бар. Бірі билік жағынан, яғни сол 500 доллардан 500 мың (миллион) долларға жетіп жатқан парақорлықты заңнама негізінде тыйым салып, қылмыстық жауапкершілікті арттырып, оның нақты механизмдерін қарастыру. Бірақ оған жемқорлыққа негізделген билік бара қоймайды. Пара алмаса, мемлекеттік қызметтегілер қалай байиды? Тек, топаралық тартыстың кейбір сюжеттерін "жалпыұлттық жемқорлықпен күресу" деп ТВ-дан көрсетіп, елге есеп берер. Сондықтан екінші жол бар. Әрбір қазақ ауылдық, аудандық, облыстық деңгейде пара беруден бас тартса, сол параны талап еткен шенеунікті ашық әшкерелесе? Өйткені әрқайсымыз парақорлықтың жеке демеушісі, қолдаушысы әрі инвесторы болып отырмыз ғой! Осыдан бастайық!

Қатысты Мақалалар