"Қыз алсаң - Шығыстан ал! Қалың малы аз деме. Аялай білсең - аруың, қадірін білмесең - бас ауруың! Жауласса - жықпай тынбайтын, достасса - жанын берер ұрпақ өсіресің"
"Қыз алсаң -батыстан ал! Қалыңмалсыз деп қамықпа. Есесіне, ел шетін жаудан қорғайтын батыр ұрпақ тәрбиелейсің!"
Қыз алсаң - Шымкенттен ал! Қымбат деме. Көп қалыңмал - нағыз қазақы, нағыз епті, нағыз-нағыз-нағыз керемет ұрпаққа салған алғашқы инвестициям деп есепте. Сәл күтсең - қайтарымы 40 есе!
"Қыз алсаң - Сарыарқадан ал. Ақандай сұрапыл, Жаяудай қызыл тіл, Балуан Шолақтай ұрпақ өсіресің!"
"Қыз алсаң - Жетісудан ал. Сүйінбайдай сұңғыла, Бекболаттай батыр, Райымбектей ержүрек ұрпақ өнеді".
"Қыз алсаң - Солтүстіктен ал! Сәбиттей сезімтал, Ғабиттей ғаламат, Айғанымдай асыл ұрпақ өсіресің!"
"Қыз алсаң - қазақтан ал! Ары биік азамат, жүрегі жыр салтанат, ғұмыры ғажап махаббат ұрпақ өсіресің". Үйлен қазақ, көбей қазақ!
Тізімді жалғастырғыңыз келсе, мархабат!
facebook.com