Тек Жанболатты қараламай Сәкен Жүнісовті де айтпайсыздар ма? Сәкен Жүнісовтер арамызда мың мыңдар жүр. Қателескенді қаралап, жатқанды жабыла теуіп, шибөріше шулай жөнелу де құлдықтың бір белгісі. Темірхан Медетбек ұлтына жанашыр, абыз ақсақал болса, сабырмен ақылға шақыруы керек еді. "Газет басшысы Жанболат Мамай: «Ол біреудің пікірі, оған газет жауап бермейді» деген екіжүзділікке барса, онда ол газет әркім сарып кететін мусор, сасық алаң, «Ашық алаң» емес! Тіпті түрмедегі параша, «Трибуна» емес!"- депті Темірхан. Оның осы сөзі оның мәдениеттінің, парасат- пайымының қаншалықты екенін көрсетіп отыр. Осындай адамдарды зиялы қауым өкілі, ұлттың қаймағы, елдің серкесі деп атауға қалай ауыз барады? Темірхан Жанболатты жерге тығам деп (мүмкін біреудің тапсырмасымен) өзі жер болды.
facebook.com