Алматыда тағы да өрт болды

/uploads/thumbnail/20170709143913783_small.jpg

Алматыда түнде «Достар» қонақ үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап «Қамшы» порталы.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Түрксіб ауданы, Бартольд көшесі 46-шы үйде түнде болған. Өрт туралы хабар 8 қарашаға қараған түні сағат 02:14-те түскен. Хабарлаудан кейін өрт сөндірушілер 5 минуттан соң оқиға орнына жеткен. «Оқиға орнында қонақ үйдің шатыры өртеніп жатқаны анықталды. Өрт ғимараттың  төменгі қабатына өту қаупі болғандықтан шатыр сөндіруші ұңғылар пайдаланылды. Қонақ үйдің №12  бөлмесі өртенгені анықталды», - деді өрт сөндіру қызметінен. Өрт сағат 03:05-те ауыздықталып, 03:27-де толығымен сөндірілді. Өрт ошағының жалпы аумағы 280 шаршы метр. 30 адам эвакуацияланды. Өртті ауыздықтауға 70 адам, 22 техника жұмылдырылды.

Еске сала кететін болсақ, Алматыда 2 күн бұрын ғана  сауда үйі өртеніп, салдарынан 6 адам қаза тапқан еді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар