Қырғызстанда қасқыр үйге кіріп кетіп, іштегілерге шабуыл жасады

/uploads/thumbnail/20170709151239512_small.jpg

Қырғызстанда қасқыр үйге баса көктей кіріп, балаға шабуылдаған, деп хабарлады ҚазАқпарат.

 «Кеше, 10 қарашада, сағат 20.00-дер шамасында құтқарушылар милицияға Нарын облысы Кочкор ауданы Ақ-Жар ауылындағы үйлердің біріне қасқыр кіріп кетіп, 2005 жылы туған төртінші сынып оқушысын қауып алғаны туралы қоңырау шалған», - делінген хабарламада. Баланың әкесі қасқырды дереу атып үлгерген. Оқиға орнына ветеринариялық және фитосанитарлық қызметінің мамандары келіп қасқырды зерттеді. Сараптама нәтижесі әзірге дайын емес. Ұл бала аудандық аурухананың хирургиялық бөлімінде жатыр.

 

Қатысты Мақалалар