Жалаңаш адамдарға азық таратқан «АДК» халықтан кешірім сұрады

/uploads/thumbnail/20170709153502073_small.jpg

 Қарашаның 12 күні Алматы қаласындағы «АДК» сауда кешенінде «Кел де ал» акциясысын өткізіп, қоғам наразылығына іліккен АДК сауда орталығының Әкімшілігі халықтан ресми түрде кешірім сұрады, - деп хабарлайды Қамшы порталы.  

 Азаматтардың жағымсыз пікірлерін назарға ала отырып, 2016 жылғы 14 қарашадан бастап «АДК» ойын-сауық сауда кешеніндегі «Квартирная закупка» шарасы шеңберінде ұйымдастырылған  «Кел де ал» акциясы тоқтатылғандығын хабарлаймыз.

 Осы акцияны қорлау деп ойлаған барлық азаматтардан кешірім сұраймыз!   Сонымен қатар, «АДК» ойын-сауық сауда кешені қоғамымызда қалыптасқан моралдық және адамгершілік қағидаларын толығымен қолдайтынын мәлімдейміз.

Естеріңізге салсақ, 12 қараша "Кел де ал" акциясы өтіп, онда  жалаңаштанған  адамдар үшін 5000 теңге жеңілдік қарастырылған. Бұл акция қоғамды дүрліктіріп, жұртшылық наразылығын тудырған болатын.  

Қатысты Мақалалар