Twitter-де «Муслим» деген атпен тіркелген белгісіз біреу Қырғыз Президенті Атамбаевқа өліммен қорқыту арқылы бопса жасады. Бұл туралы АКИpress-ке сілтеме жасап «Қамшы» порталы хабарлайды. Бұл жайт бойынша Қырғыздың Ұлттық қауіпсіздік комитеті тексеріс жүргізіп жатыр.
Twitter қолданушысы өзінің Атамбаевқа бағыттаған қауіп төндіретін хабарламасын бүгін жазған болатын. Хабарлама мазмұны мынандай: «Мен Қырғызстанға, Өзбекстан мен Тәжікстанға, Қазақстанға үн қатамын: Сіздердей иттерді Мұсылмандар өлтіреді, Алла жазалайды (Автор стилі сақталған. -ред.)». Үркітіп-қорқытушы «Муслим» сондай-ақ Қырғызстан Президентіне де тікелей хабарлама жолдапты. Анығын айтсақ, ол «Мен Атамбаевты өлтіремін. Атап өткен басқа мемлекеттерде де жақында боламын» дейді.
Аккаунт Twitter-де 2016 жылдың қараша айында ғана тіркелген. Ол орналасқан жері ретінде Сирияны көрсеткен. Алғашқы жазбасы болса 12 қарашада жарияланған. Оның жазған барлығы 6 твиті де орыс тілінде жазылған. Ол өзінің парақшасына ДАИШ символдарын қойған.
Пікір қалдыру