Түрік академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі Әзірбайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Низами атындағы Тіл және әдебиет институтының Құрметті докторы атанды. Бұл туралы ол Facebook-те бөлісті. Салтанатты рәсім бүгін Бакуде өткен І Түркология конгресінің 90 жылдығына арналған жиында болған. Құрметті доктор дипломын тапсырған Низами институтының директоры Иса Габиббейлі қазақ ғалымына түркі дүниесіндегі рухани байланыстарды дамыту жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
Айта кетсек, Түркология ғылымының мамандары осыдан 90 жыл бұрын Бакуде бас қосып, түркітану ғылымдарының заңдылықтары бойынша, түркі әдебиеті, түркі тілі, түркі тарихы бойынша өте маңызды шешімдер қабылдаған болатын. Алғашқы конгресс 1926 жылы өтті. Оған Қазақстаннан Алаш Қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы қатысқан болатын.
Осы жылдың сәуір айында бұл атақ қазақ ақыны әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке берілген болатын.
Пікір қалдыру