Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы ресми БАҚ-та жарияланды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының Өкімі Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2016 жылғы 23 қарашада сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.НЫҒМАТУЛИН Астана, Парламент Мәжілісі. 2016 жылғы 15 қараша. №93
Пікір қалдыру