Оның аты Махашта Мураси, Үндістанның солтүстігіндегі Варанаси қаласында тұратын етікші. Ол 1835 жылы дүниеге келген, жасы жүз сексен бірде. Бұл ер адам әлемдегі ең қарт адамдардың бірі. Одан жасы үлкен Мама Ефишо бар, ол Нигерияда тұрады, жасы 191-де.
«Мен — әлемдегі ең кәрі адаммын, 181 жыл бұрын дүниеге келгенмін. Өлім мен жайлы ұмытқан» ,- дейді.
Үндістан билігі мен Махашта Мурасидің жеке куәлігі мұны растайды. Ал медицина қызметкерлері оны растай алмай отыр, себебі оны қараған дәрігерлердің соңғысы 1971 жылы қаза тапқан. БАҚ-тың ақпараты бойынша, етікші Бангалорда 1835 жыл қаңтар айының алтыншы жұлдызында дүниеге келген.
Кейіннен 1903 жылы Варансиден көшіп кеткен, ол 122 жасқа қараған шағында зейнетке шыққан.
«Менің немерелерімнің өзі қайтыс болып кеткен. Соған қарағанда өлім мені мүлдем ұмытып кеткен-ау. Мен 150 жасқа келемін деп те ойламағанмын. Мен өлмейтін адам шығармын. Бірақ, бұл маған ерекше рахат сыйлайды», — деп философилық ой білдіреді қарт.
Пікір қалдыру