Видеода кішкентай сәбиді аяусыз ұрған әйел Өзбекстаннан табылды, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».
«Өзбекстан Республикасы ІІМ-мен бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында көрші мемлекет аумағынан шақалаққа қатыгездік көрсеткен күдікті Өзбекстан азаматшасы анықталып, одан жауап алынды. Әйел кінәсін толықтай мойындады. Соталды тергеу аясында күдіктіге қатысты сондай-ақ, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені және ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады ол. Алмас Сәдубаевтың айтуынша, қазір күдіктінің тұрғылықты орны бойынша қылмыстық іс материалдарын Өзбекстан Республикасына беру туралы халықаралық тапсырма әзірленуде. Еске салайық, видео Instagram әлеуметтік желісінде тарады. Кадрда әйел диванда отырып, жасқа толмаған нәрестені аяусыз шапалақтап жатқаны анық көрінеді. Ол «аузыңды жап» деп айғайлап, баланы басынан, бетінен аяусыз ұрады. Кейін ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев әйелдің жеке басы анықталғандығын хабарлаған болатын.
Пікір қалдыру