Қарғысқа ұшыраған АҚШ президенттері

/uploads/thumbnail/20170709161920006_small.jpg

Ғылымда "Текумсе қарғысы" деген термин бар. Бұл ұғым Шауни Текумсе тайпасы көсемінің ақтар қызыл терілердің жерін басып алғанда айтқан сөзімен байланысты аңыздан шыққан. Осы аңыздан шыққан нанымға сәйкес, АҚШ-тың кейбір Президенттері өкілеттік лауазымын аяғына дейін жеткізе алмай, көз жұмған деседі. Алайда бұл қарғыс тек жеті Президентке ғана әсер етеді деген сенім бар. Яғни, Президенттер жеті рет ауысқанда қарғыстың күші әлсірейтін көрінеді.    

"Текумсе қарғысына" АҚШ тарихында мынандай саясаткерлер ұшыраған деседі:

Ульям Генри Гаррисон.  1800 жылы үндістердің 12 000 шаршы шақырым жерін тартып алып, 1811 жылы Типпекану түбінде жергілікті тайпаларды қырып тастаған. Сөйтіп ол 1840 жылы АҚШ Президенті болып сайланады. Бірақ салтанатты түрде таққа отырған соң бір ай өткенде көз жұмған.

http://dic.academic.ru/pictures/enc_colier/o289.jpg

Авраам Линкольн. 1860 жылы сайланып, 1864 жылы қайта сайлауға түседі.  Бір жыл өткенде қаза тапқан.

http://images.aif.ru/005/502/96003b76d7beec66b4931c422bed101b.jpg

Джеймс Гарфилд. 1880 жылы Президент болып, 1881 жылы өлтіріледі.

http://www.comment.moscow/wp-content/uploads/2016/03/%D0%94%D0%B6%D0%B5%D0%B9%D0%BC%D1%81-%D0%93%D0%B0%D1%80%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%B4-%D0%A3%D0%B1%D0%B8%D1%82-20-%D0%B9-%D0%BF%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82-%D0%A1%D0%A8%D0%90.jpg

Уильям Мак-Кинли. 1900 жылы қайта сайланып, бір жыл өткенде өлтіріледі.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a9/William_McKinley_by_Courtney_Art_Studio,_1896.jpg/267px-William_McKinley_by_Courtney_Art_Studio,_1896.jpg

Уоррен Гардинг. 1920 жылы сайланып,  үш жылдан соң қайтыс болған.

http://www.krugosvet.ru/images/1000783_O287.jpg

Франклин Рузвельт. 1932 жылы Президент атанып, 1936, 1940, 1944 жылдары қайта сайланған. 1945 жылы көз жұмған.

http://muzeydeneg.ru/wp-content/uploads/2011/10/FDR.jpg

Джон Кеннеди. 1960 жылы сайланып, 1963 жылы қылмыскер қолынан қаза тапқан.

http://img-fotki.yandex.ru/get/5500/sergeenkoff-artem.36/0_46481_5e520df3_orig

 

Ал одан кейін ел басқарған Рональд Рейган (сегізінші тұлға) 1981 жылы өзіне жасалған қастандықтан аман қалып, 1989 жылға дейін ел басқарған.

Тоғызыншы тұлға Кіші Джордж Буш 2000 жылы сайланған. 2004 жылы екінші мерзімге өткен Буш 2005 жылы Грузияға барған сапарында қастандыққа ұшырайды. Оған граната тасталған. Алайда Буш тірі қалған.

 

Дана Қамшыбек

Қатысты Мақалалар