ӘЙЕЛҚҰМАРЛЫҒЫ ҮШІН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТКЕН АҚШ-ТАҒЫ ШЕНЕУНІКТЕР(ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709161942585_small.jpg

Кейбір мемлекеттерде белгілі бір шенеуніктің қол астында қызмет істейтін жас келіншекке немесе бойжеткенге қырындағаны туралы ақпараттар анда-санда қылаң беретіні рас. Кейбіреулер өзінің бейәдеп жүрісін мойындаса, өзгелері лауазымына сеніп, мойындамауға тырысады. Әлемдегі алып мемлекеттің бірі демократиялық АҚШ-та әйелдермен байланысы көпшілікке жария болғаннан кейін өз еркімен қызметтен кеткен жоғары лауазымды шенеуніктер кімдер? Енді соған тоқталайық.

Оңтүстік Каролина губернаторы  Марк Санфорд 2009 жылдың 24 маусымында көңілдесімен кездесу үшін Аргентинаға барғанын жеті күн өткенде мойындапты. Өзінің 4 баласы бола тұра Аргентинадағы жас келіншекпен сегіз жыл бойы кездесіп жүріпті. "Менің бұл ісім дұрыс емес" деп мәлімдеді ол көпшілікке.

Секс-скандалы с официальными лицами

2009 жылы 19 маусымда Джон Энсайн деген сенатор өзінің көмекшісі болып табылатын шенеунік әйелмен байланысы бар екенін  көпшілікке жария еткен. Ол бұл әрекетке көңілдесінің күйеуі оған қоқан-лоқы көрсеткен соң барған екен.

 

Секс-скандалы с официальными лицами

Нью-Йорк штатының губернаторы Элиот Спитцер 2008 жылы жезөкшелерге барғанын жариялап, қызметінен кеткен. Оның жеңіл жүрістілермен байланысы туралы «New York Times» басылымында мақала жарияланған. Губернатор мақала жарыққа шыққан  аптада сөзге келместен орнын босатқан.

Секс-скандалы с официальными лицами

Сенатор Дэвид Виттер де 2007 жылы жезөкшелер үйіне телефон шалғанын мойындаған. «Hustler» журналының журналистері сенатордың телефон нөмірі жезөкшелер ұяшығымен байланысты екенін жазды.

Секс-скандалы с официальными лицами

Боб Ливингстон деген шенеунік 1998 жылы Парламент спикері болайын деп тұрған жерінен  әйелі оған күдікпен қарайтынын айтады. Содан екі ай өтпей жатып,  шенеунік Конгрестегі қызметін тастайды.

Секс-скандалы с официальными лицами

АҚШ Президенті болған Билл Клинтонге  де Моника Левинскимен байланысы үшін халық сенімсіздік танытқан.

Секс-скандалы с официальными лицами

Сенатор Боб Пэквуд 1995 жылы отставкаға кетті. Өйткені ол қарамағындағы  17 қыз-келіншекке қырындаған. Оның әйелқұмарлығы туралы ақпараттар көпшілікке кеңінен жария болған.

Секс-скандалы с официальными лицами

 

Әзірлеген Айғаным Біртуар

Қатысты Мақалалар