Қытай, «Тянь Лиан I-04» атты ақпараттарды резервтеуге арналған спутнигін ұшырды. Жер серігі Қытайдың оңтүстік батысындағы Сычуан провинциясындағы Сичаң айлағынан ұшырылған.
Шин Хуа хабар агенттігі таратқан ақпарат бойынша, аталған жер серігі «Ұзақ сапар 3C» атты тасығыш ракетамен ұшырылды.
Қытай Ғарыш ғылымы мен технологиясы компаниясы жағынан ұшырылған Тянь Лиан – дерек резервтеу спутниктерінің төртіншісі болып отыр. Жер серігі жергілікті уақыт бойынша кеше 23.24-те ұшырылған.
Қытайдың экспажды ғарыш құралдары, ғарыш лабораториясы мен станцияларына бақылау орнату мен ақпарат дамыту үшін ұшырылған дерек резервтеу жер серіктері бұған дейін 2008 жылы сәуірде, 2011 шілдеде және 2012 жылы тамызда ұшырылған.