Мақта өнеркәсібін дамыту үшін ғылымға көңіл бөлінсе...

/uploads/thumbnail/20170709170132019_small.jpg

Оңтүстік өңірінің ақ алтыны атанған мақта өндірісі ауыл экономикасын дамытуға әсер етуде. Мақта – техникалық дақыл ретiнде қоршаған ортаға, ауа райына, топырақтың құнарлылығына, әсiресе күн көзi мен ағын суға талғамы жоғары дақыл.  Мақта өндіру саласында ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан бұл саланы жетілдіру жолдарын жақсы білемін. Мәселен, өсiрiп баптау – вегетация кезеңiнде мақта талабына сай агротехникалық iс-шаралар өз уақытында және сапалы жүргiзiлсе, өнiмдiлiктi әр гектардан 40-50 центнерге дейiн жеткiзуге болады.

          Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады. Осыдан-ақ оның дамыту жолдарын аңғаруға болады. Шиттi мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат.

          Бұл өнеркәсіпті меңгергеніме талай жылдың жүзі болды. Сондықтан бiздiң елiмiздегi мақта шаруашылығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Атап айтар болсақ, кейбiр жылдары мақта пiсiп үлгеру үшiн күн көзiнiң жылуы жетiспейдi, сондықтан мақтаны дефолианттар жәрдемiмен жетiлдiруге тура келедi. Өңiрде орта талшықты мақтаны өсiрiп баптауды үйренген фермерлер жоғары сапалы өнiм өндiредi. 1990 жылға дейiн мақта дақылы басым болды. Мәскеу жергiлiктi мақта өндiрушiлердiң жағдайымен санаспай, келешекке мән бермей, тек жылдан-жылға көп мақта өндiрудi талап еткен болатын. Бiрақ бұл саясат халқымыздың әлеуметтiк ахуалына, өнiмдiлiкке, топырақ құнарлылығына, жердiң мелиорациялық жағдайына, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасына керi әсер етiп, мақта аурулары мен зиянкестерiнiң көбеюiне және өзге де карантиндiк арамшөптердiң тарауына әкелiп соқтырды. Десе де елiмiзде мақта саласы бойынша ғылыми-зерттеулер жоқтың қасы болатын. Қазақстанның мақта шаруашылығы келешекте Өзбекстанның мақта шаруашылығына әбден тәуелдi болуы мүмкiн деген сөздердi жиi айтатын.Бірақ олай болған жоқ, Тәуелсіздік алып, жер пайы бөлiнiп, орташа 5-10-20 гектардан шаруа шаруашылықтары құрылды. 1995-1997 жылдары тек мақта өндiрiсiмен айналысатын шаруалар саны Оңтүстiк Қазақстан облысында 85 мыңға жеттi. Жекешелендiру жұмыстары кезiнде мақтаның өнiмдiлiгi әр гектардан 17-19 центнерге дейiн төмендеп кетсе, кейін көтерлді. Десе де меніңше ғылыми зерттеу мәселесін әлі де қолға алған жөн.

Болатбек Ануарұлы,

Мақтарал ауданының тұрғыны

Қатысты Мақалалар