ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫ ПЕТРОПАВЛДЫҢ АТЫН НАЗАРБАЕВ ДЕП АТАУДЫ ҰСЫНДЫ

/uploads/thumbnail/20170709170140441_small.jpg

Бүгін Әлеуметтік желідегі негізі тақырып - Елорданың бекітілген Астана деген есімін ауыстыру мәселесі болды. Бұндай бастаманы Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатқан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы» жобасында Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов айтты.

Осыған орай пікір білдіріп жатқан желі қолданушылардың бірі Жаныбек Аликен "Маған бір ҒАЛАМАТ ой келді! Петропавлдың атын Нұрсұлтан деп ауыстырайық. Құда да тыныш,құдағи да тыныш. Орыстардың да аузы жабылады. Айдаладағы Петр мен Павлға қарағанда Нұрсұлтан көкем жақын ғой. Оның үстіне бұл жағымпаздар бəрібір қоймайды,қылқылдап.", - деп жазды.

Басқа да желі қолданушылары Астана қаласы президент Назарбаевтің жеке қолтаңбасы екенін алға тартып, оның есімін Елбасының өзі қойғанын, егер ауыстыру қажет болса Петропавл мен Павлодар қаласының/облысының атауын ауыстыру қажет екенін атап өтті. "Солтүстіктегі екі қала - Пувлодар мен Петр-Павелдің атын ауыстыру нағыз қияметтің қайымы боп отыр. Қала атауы тұрыпты, онда көшелерге жаңа атау беруге қарсы шығып жатқан диаспора өкілдерінен сол өңірлердің әкімдері де именетін сияқты. 


Тұңғыш Президентті жалпыхалық болып сайлағанымыздың, Тәуелсіздіктің 25 жылдығын пайдаланып, Қуаныш ағамыз бар, Ассамблея бар, сол екі қалаға Нұрқала, Нұркент деген сияқты атау берейік деген ұсыныс тастағанда төрт қоянды бір оқпен атып алар едік қой деймін де. Сонда Тұңғыш Президентіміздің есімін де ұлықтаймыз, Зайырлы мемлекет сипатымызға томпақ келетін Әулиелер атымен аталатын қос қаланың да мәселесін шешер едік. Астанамен қатты байланыстырғылары келсе, бұл жақсы шешім болар еді" деді әлеуметтік желіде анонимді жазба жариялаған  бір қолданушы. 

Айта кететін болсақ, бір қатар депутаттар Қуаныш Сұлтановтың бастамасын қолдап, бұл жүзеге асса Тәуелсіздігіміз нығая түсер еді деген мазмұнда пікірлер білдіріп үлгерді.  Атап айтқанда Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан "Нұрсұлтан атындағы қаланың болғаны Тәуелсіздіктің символы іспеттес. Тәуелсіз Қазақстан мен Назарбаевтың аты синонимдер сияқты", - деп ағынан жарылды.

Қатысты Мақалалар