Бұған дейін Өзбекстанның 2 ай бұрын қайтыс болған ұзақ жылдар басқарған президенті Илсам Каримовтің қызы Гүлнара Каримова қайтыс болды деген ақпарат тарағанын жазған едік. Гүлнара Каримованың ұлы Ислам Каримов BBC өзбек қызметіне берген сұхтаныда анасының өлімі туралы хабарды жоққа шығарған. "Анам 2014 жылдың ақпанынан бері үй қамауында. Қарындасым қамауда емес, бірақ елден кете алмайды. Өзім қазір Лондондамын", - деп мәлімдеген Каримов Tengrinews.kz аударған ақпаратта.

Ол осыған дейін Facebook желісіндегі "Дети Каримова" парақшасында жарияланған хатын өзі жазғанын растады. Хатында ол анасымен хабарласа алмағанын жазады. Ал тірі екенін қарындасы Иманнан біліпті. "Мен Өзбекстанның Лондондағы елшілігіне хабарласқым келді, бірақ қарындасым хабарласып, барлық қауесетті терістеді. Жұртқа айтқым келетіні анам қарындасыммен бірге Ташкентте және оның жағдайы жақсы. Анамды ешкім де жындыханаға жатқызған жоқ. Ол Өзбекстаннан кеткен жоқ. Осы уақыт бойы Иманмен бірге Ташкентте болды", - деп сендірді Ислам Каримов.

Еске салайық, осыған дейін БАҚ-тар Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, Гүлнара Каримован қайтыс болды деп хабар таратқан еді. Өзбекстанның қайтыс болған президентінің үлкен қызы 5 қарашада уланып өлді делініп, сол күні Ташкенттегі "Минор" зиратында жерленді делінген болатын.