Шылым шегудің зияны қандай екенін қоғамның кез-келген өкілі біледі. Біле тұра тұтынатындар өзіне ғана емес қоршаған ортасына, айналасындағы жандарға зиянды әсерін тигізіп келеді. Бұл тұрғыда қоғамға ескерту және темекіге деген тәуелділіктен құтқару үшін түрлі жарнама агенттіктері бар мүмкіндігін салып, антитабак жұмыстар жасап келеді. Түрлі жарнамалардың шындығында да шылым тастауыңызға ойтүрткі болатыны, ең болмаса сіздің ойыңызда жағымсыз пікір қалыптастыра алатыны рас. Сондай жарнама агенттіктерінің бірі Bored Panda-ның антитабак жұмыстарын назарларыңызға ұсынамыз.




