ҚАЗАҚСТАН ДЖАКАРТА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «РАТА-2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

/uploads/thumbnail/20170709172142936_small.gif

2016 жылғы 7 – 9  қыркүйек аралығында Индонезия Республикасының Джакарта қаласында өткен «РАТА-2016» Халықаралық туристік көрмесіне Қазақстан делегациясы қатысты.

Ресми делегацияның құрамына Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Жамбыл облыстық әкімдігінің, «Online Travel Market» туристік компаниясының, Қазақстан туристік компаниялары қауымдастығының  өкілдері және Президенттік оркестрдің әртістері кірді.

 «Indonesia Convention Exhibition» (ICE) көрме кешеніндегі 50 мың шаршы метр алаңда орналасқан көрме жұмысына 60 туристік дестинациялардың 1000-нан астам өкілі қатысты.

Макао делегацияның ресми қабылдауын, көрменің ашылуы мен жабылуы салтанатын ұйымдастырып «РАТА 2016» серіктес-елі болды.

Қазақстанның стендін Индонезия Туризм Министрі – Ариф Яхья, PATA Азия-Тынық мұхиттуристік қауымдастығының бас орындаушы директоры – Марио Харди,  PATA Азия-Тынық мұхиттуристік қауымдастығының төрағасы – Эндрю Джонс тамашалады. Кездесу барысында туризм саласындағы одан арғы ынтымақтастық жөнінде және ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу мәселелері талқыланды.

Халықаралық туристік көрме шеңберінде Қытай, Индонезия, Үндістан, Оңтүстік және Солтүстік Корея, Франция, Алмания тараптарының өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мәселелер бойынша кездесулер өткізілді. Соның ішінде: Aventura Tour Operator / Aventura Latina Ltd., Finland;  Paradise Travel & Tours Sdn Bhd (travee), Malaysia;  Century Holiday International Travel Agent, China;  CITS, Beijing, Assistant President, China;  China International Travel Service Limited, Head Office, China;   Le Monde Design, Inc., Japan;  CITS Head Office – Marketing Dept, China;  Concord Business Service, Russia; Ad-Voyage Travels, India;  CITS, Beijing, General Manager, China;  Guilin Tianyuan International Travel Service Co., Ltd, China; CITS Guangdong Co., Ltd, China; CITS Group Shanghai Co., Ltd – Outbound Travel Center SE Asia Dept, China; Citytour.com, Korea (ROK); Beyonder Experiences LLP, India.

Сонымен қатар, халықаралық туристік көрме шеңберінде АТАК Қазақстан туристік компанияларының қауымдастығы және ASITA Индонезия туристсік агенттіктерінің қауымдастығы арасында «Туризм саласындағы екіжақты қарымқатынас жөніндегі келісімге»  қол қойылды.

Қатысты Мақалалар