АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ӨҢІРАРАЛЫҚ ХІІІ БИЗНЕС-ФОРУМЫ ӨТУДЕ

/uploads/thumbnail/20170709172250015_small.jpg

Бүгін Астанада Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық XIII форумы аясында «Еуразиялық кеңістіктегі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту» тақырыбында екі елдің ресми тұлғаларының және іскерлік орталарының қатысуымен қазақстандық-ресейлік бизнес-форум өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады. Содай-ақ, 1300-ден астам мемлекеттік органдардан, квазимемлекеттік және Қазақстан мен Ресейдің ірі жеке компаниялардан өкілдер қатысуда.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ресейліктердің  қатысуымен 6453 компания сәтті жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында экономика, мұнай мен газ өндіру, өңдеу өнеркәсібі, көлік, байланыс, машина жасау, ғарыштық саладағы ынтымақтастық, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану сияқты салалар бар.

Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастық форумдары 2003 жылдан бастап өткізілуде. Алдыңғы форум 2015 жылы Сочи қаласында «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен болатын.

Ресей дәстүр бойынша Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 14,57 млрд. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 4,34 млрд. АҚШ доллары, импорт – 10,23 млрд. АҚШ доллары.

Қатысты Мақалалар