Жырдың елі Сыр елінде дүбірлі дода, аламан айтыс өтеді. Айтысқа Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев тікелей қолдау көрсетіп отыр.
26 қараша күні 11.00 - 17.00 Халықаралық ақындар айтысының І кезеңі, 27 қараша 10.00 - 13.00 Айтыстың ақтық кезеңі өтіп, Марапаттау рәсімі болады.
Айтысқа айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның кіл жүйріктері қатысады. Сондай-ақ, Қырғызстаннан, Монғолиядан ақындар келіп қатыспақ. Олардың арасында Қытайдан арнаулы шақырылған, әйгілі айтыс ақыны Еркін Ілияс ағаның шәкірті Ұларбек Минатханұлы мен Ерлан Аманқожаұлы сияқты ақындар да бар.
Өлең бәсекесінен қапы қалмаңыз, айтыс сүйер ағайын!
Ерлан Төлеубай