Путин: Ресейдің шекарасы шексіз

/uploads/thumbnail/20170709172504455_small.jpg

РФ Президенті Владимир Путин Ресей мемлекетінің шекарасы туралы осылай әзілдегендей сыңай танытты. korrespondent.net сайтының хабарлауынша 24 қараша күні Ресей географиялық қоғамының премиясын табыстау барысында Путин география бойынша өткізілген телевизиялық шоуда жеңіске жеткен 9 жасар Мирослав Оскиркомен танысады. Мирослав төңкерілген контурларға қарап ақ мемлекет атауын, оның астанасын жылдам айтып беретін бала.

Путин өз кезегінде балаға «РФ-ның шекарасы қай жерде аяқталады?» деп сұрақ қояды. Аталмыш сұраққа Мирослав «РФ шекарасы Берингов бұғазымен аяқталады» деп жауап қайтарады.  Ресей президенті оған «Ресейдің шекарасы шексіз» дейді. Сөйтсе, бұл әзілдегені екен.

Қатысты Мақалалар