Еуропалық комиссияның сайтына DDoS шабуыл жасалды, деп хабарлайды La Libre Belgique аталмыш органның қолда бар ішкі құжаттарына сілтеме жасай отырып.
ҚазАқпарат аударып таратқан ақпарат бойынша, «кибершабуыл» туралы ақпаратты Еурокомиссияның өкілі Маргаритис Схинас та растаған. Оқиға 24 қараша, бейсенбі күні күндіз болған. Осы шабуылдың салдарынан Еурокомиссияның интернет сайтына айтарлықтай зиян келген. Схинастың сөзінше, аталмыш «шабуылдың» салдарынан интернет-байланыстар нашарлап, Еуроодақтың атқарушы органының веб-сайтына кіру және қызметкерлердің интернетпен жұмыс істеу мүмкіндігін шектелген. Алайда, Схинастың сөзінше, «шабуыл» тоқтатылды. Қандай да бір құпия мәліметтердің ұрлану жағдайы тіркелмеген. Ал, «кибершабуылдың» қайдан жасалғандығы туралы комиссия өкілдері ештеңе айтпай отыр.
DDoS шабуыл - бұл технология көбінесе «сервиске қызмет көрсетуден бас тарту» (DDoS) деп аталады. DDoS шабуылы нысанаға алған веб-сайтты оның серверіне ақпаратты жалған сұрату арқылы қайта жүктеу жолымен құртады. Бұл жалған сұраулар вирустермен, я қауіпті бағдарламалармен сапасы төмендеп кеткен компьютерлерден (немесе «ботнет») жіберіледі. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, ең үлкен DDoS шабуылдар мыңдаған компьютерлерден тұратын ботжелілерден жіберіледі.
Егер фильтрация тәсілі әдетте бір мемлекеттің аумағында «қара тізімге» енген веб-сайттарды белгілі бір провайдерлер үшін жауып қоятын болса, DDoS шабуыл веб-сайтты белгілі бір уақытқа дейін мүлдем бұғаулап тастайды.