Израильде алапат өрт болып жатыр(фото, видео)

/uploads/thumbnail/20170709173004850_small.jpg

Израильдің 13 парықты аймағында шыққан өрттің артынан Израиль премьері Биньямин Нетаньяху өртпен күресу үшін Ресей, Грекия, Түркия, Хорватия елдерінен көмек сұрап, премьерлерімен көріскен.

Сейсенбі күні Израильдің түрлі аймақтарында басталған өртке көмек сұралған елдерден 10 өрт сөндіруші ұшақ келіп жетті. Оның ішінде Ресей 2 өрт сөндіруші ұшағын көмекке жіберген.  Өрт салдарынан он мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп, зардап шеккендерге көмектесуге 36 аурухана жұмыс істеп тұр.

Израильдің Құдысты қосқанда 13 нүктесінен шыққан өрт желдің ықпалымен жайыла түскен. Тіпті Құдыс пен Тель-Авивті байланыстыратын 1 нөмірлі трасса маңында жарылыс болған.  Әзірге өрттің себептері белгісіз. Бұған дейін Израильде 2 ай құрғақшылық болған. Дегенмен Израиль полициясы өрттің әдейі қойылуынан күдіктенеді. Бұл күдікті премьер Биньямин Нетаньяху да өз сөзінде келтіріп, «өрт әдейі қойылса бізге жасалған террорлық қимыл болып табылады» деп мәлімдеген.

Білім министрі, елдегі оңшылдар партиясынан Нафтали Беннет болса өрттің себебін арабтардан көреді. Ол твиттерде жазған мәлімдемесінде «Бұл мемлекетті өртейтін күші барлар бұл мемлекетке тиесілі емес адамдар» деп жазған.

Қазірге дейін  4 палестиналық күдікті ретінде тұтқындалған.

Қатысты Мақалалар