Алексей Ни ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкерлігінен кетті

/uploads/thumbnail/20170709173018569_small.jpg

Алексей Ни ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алайда, Алексей Нидің отставкаға не себепті кеткені айтылмаған.

Бапкер бұл қызметті 26 жылдан бері атқарып келеді. Ол бапкер боп тұрғанда алты Олимпиадаға және 15 әлем чемпионатына қатысты, сондай-ақ Азия ойындары мен Азия чемпионаттары бар.

«Мұның барлығы не себепті болып жатқанын, кімнің жасап отырғанын мен білмеймін. Мен саясаткер емеспін, балшы да емеспін. Мен бапкермін, ештеңеге қарамастан, спортшыларды дайындаймын. Біз өз шындығымызды дәлелдеуге тырысамыз», - деген еді Алексей Ни шәкірттері түскен допинг дауы жайлы.

Айта кетсек, ауыр атлетикадан Қазақстан атынан 2008 және 2012 жылдары олимпиадаға қатысып, чемпион атанғандар түгелдей допинг дауына ілігіп, атақтарын қайтарды.

Қатысты Мақалалар