Елбасы «Нұр Отан» партиясының орынбасар төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

/uploads/thumbnail/20170709173415667_small.jpg

Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.

М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қатысты Мақалалар