Есентаеваның күйін кешіп пышақталған атыраулық әйел

/uploads/thumbnail/20170709173525762_small.jpg

«Атыраулық жігіт әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады» деген жаңалықты «Ақжайық»  газетінен оқып қалдық да жағамызды ұстадық. Соңғы кезде әйелін ұрып-соққан «еркектер» туралы жаңалықты көп еститін болдық. Сөйтсек, Баянның күйін кешген келіншектер елімізде көп екен. Олар жайында көп айтыла бермейді, БАҚ жаза бермейді. Мәселе көбіне жабулы қазан күйінде қалады. Бірақ мына бір оқиғаның жөні бөлек екен. Оқиға ойдан алынбағанын айта кетейік.

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек Қанатбековтың айтуынша К. есімді ер-азамат «Вконтакте» әлеуметтік желісінде өз әйелінің басқа еркекпен бірге түскен фотосын көріп, ызаға булығып, қызғаныш өртіне оранады. Эмоциясын бақылай алмаған К. өз әйелін аяусыз таяқ астына алып, сосын ас үйдегі пышақпен пышақтайды. Әйелдің жанын ақ халаттылар абырой болғанда аман сақтап қала алды.  «Дене жарақатын қасақана салғаны үшін» ҚР ҚК 106-шы бабының 1 тармағы бойынша іс қозғалып, қызғаншақ күйеу сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Әлеуметтік желінің қаншалықты ыңғайлы қарым-қатынас құралы екендігін бәріміз жақсы білеміз. Бірақ оның зардабын да оңбай тартудамыз. «Вконтакте», «Instagramm» болсын адамның жеке өмірін жалпыға жария дүние етті. Ол жерде әншіні құшақтап суретке түсу, жұрттың көзінше сезім білдіру, арқаны кеңге жайып қыдыру сәнді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылар арасында кикілжіңдер туындауда, екі адамның арасында реніш пайда болуда, көрсеқызарлар мен қарғыс айтушылар көбеюде, жылтыр дүниеге қызығушылардың саны артуда. Сүйікті жарынан жапа шеккен әйел кіммен, қандай позада фотоға түскенін білмейміз. Ол сурет этикаға сай болды ма, болмады ма деген сұраққа да портал, өкінішке орай, жауап бере алмайды. Бар білетініміз – барлық пәле кезінде тілден болушы еді, бүгінгі таңда пәле атаулысы қызғаныштан-көзден.

 

Қатысты Мақалалар