Елбасы «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында Астананың атауын өзгерту ұсынысына қатысты нүкте қояр пікірін айтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Астана - бұл бренд. Астананың атауын өзгертудің еш қажеті жоқ», - деді президент сұхбат барысында.
Мемлекет басшысы Қазақстан елордасының ребрендингі, республикада жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге де тоқталды.
Бұдан бөлек, Қазақстан президенті Орталық Азиядағы терроризм мен экстремизмді болдырмауға қатысты ҰҚШҰ-ға мүше елдердің ортақ ұстанымының өзектілігін атап өтті.
Айта кетер болсақ, Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарына беру керек деген ойды ұсынып, айды аспанға бірақ шығарған болатын.