Түрік президенті Ердоған Ресей президенті Путинмен телефонда сөйлесті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Екі ел президенті телефондағы әңгімесінде Алепподағы шиеленісті жағдайды шешуге жол іздеді.(Алеппо – түрікше Халеп, Сирияның ірі қалаларының бірі және провинция орталығы. Халық саны үш миллионға жауық Алеппо Сирияның үлкен қалаларының бірі және Османлы империясы кезіндегі Константинополь мен Каирден кейінгі үшінші үлкен қаласы болды. Түрік билігі сондықтан да ондағы адам тағдырына қатты алаңдаушылық білдіреді)
Түрік президенті баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша президенттер Сириядағы азаматтық соғыс мәселесін де талқылады.
Түрік қарулы күштері Сирияға кірген Евфрат қалқаны қозғалысы(Fırat Kalkanı Harekatı) аясында, Әл-Баб аймағында жүргізілген операцияда Түрік әскерлеріне қарсы шабуылдар жасалған. Сондықтан да Путин мен Ердоған тізе қосып әрекет етіп, Алепподағы тұрғындардың тағдырына зардап келтірмей тыныштық орнату мәселесін сөйлесті.
Ердоған Евфрат қалқаны операциясын бастап, Сирияға әскер кіргізсе де, Сирияның территориялық тұтастығына құрмет көрсететінін баса айтты.
Сонымен қатар екі лидер орыс-түрік қатынасының жақсара түсуі үшін қолдан келгенінің бәрін жасайтынын да кеңескен. Бұл мәселе аясында Түрік премьері Иылдырым 6 желтоқсанда Мәскеуге ресми іссапармен бармақ. Әрі, өткен жылы ұшақ дағдарысына орай келмей қалған Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та 1 желтоқсан күні Түркияға барады. Сергей Лавров Орыс-Түрік ортақ стратегиялық жоспарлау тобының отырысына қатысу мақсатымен Анталияның Алания ауданына барады.
Отырыс орыс ұшағы құлатылғаннан тап бір жылдан кейін бірінші рет ұйымдастырылады. Аланияда екі жақты қатынастармен қоса аймақтық және халықаралық тақырыптар да қолға алынады. Отырыста Сирияның ахуалы да әңгіме болады деп күтілуде.
Айта кетсек, бүгін Қазақ президенті Назарбаев та Путинмен телефонда сөйлескен болатын. Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылаған. Мемлекеттер басшылары сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды деп хабарлаған еді Ақорданың баспасөз қызметі.