Әсет Исекешев Астананы Әбу-Дабиден асып кетті деп мақтады

/uploads/thumbnail/20170709173816436_small.jpg

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елорда төрінде инновациялық конгресте Елорда өсу қарқыны бойынша әлемнің бірнеше мемлекетінің астаналарынан басып озғанын айтқан.

«Астана өсу қарқыны бойынша бірнеше елдің астаналарынан озып кетті. Мысалы, Әбу-Даби, Мәскеу, Анкара, Баку, т.б қалаларды айтуға болады. Тоқсаныншы жылдардың басында бұл қалада 280 мың адам болған. Ал қазір 1 миллионға жетті. Ішкі жалпы өнім 18 жылдың ішінде 180 есеге өсті. Шағын және орта бизнестің саны 100 мыңға жетті. Шетелдік туристердің саны 5 мыңнан 273 мыңға дейін артты. Ал қонақ үйлердің саны 163 жетті», – деген Әсет Исекешев.

Айта кетер болсақ, биылғы жылы 21 маусымда Инвестициялар және даму министрі болған Әсет Исекешев орнын Жеңіс Қасымбекке босатып, Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол әкім бола салып, екі апта өткенде Астанада халық саны миллионға жетті деп жар салған болатын. Алайда қоғамда «Астанада 2016 жылдың басында 871 мың 200 тұрғын болғаны» айтылып, жаңа әкімге сенбестік танылған болатын.

Еске салсақ, Исекешев бір ай уақыт бұрын ғана «Қазіргі таңда біз жаһандағы ірі инновациялық Дубай, Лондон, Мәскеу сынды қалалармен және Нuawei, Маккензи, т.б. компаниялармен тығыз байланыс орнаттық. Ондағы мақсатымыз – Астанаға жаңа технологиялар тарту. Бұл байланыс шетелден инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Астана халықаралық қаржы орталығында британиялық заң жүйесін қолданатын боламыз. Бүгінде шетелдік инвесторларға визалық рәсімдерге және олардың жұмыс істеуіне жеңілдік жасаймыз. Астананы мегаполиске айналдырамыз», - деген болатын.

Қатысты Мақалалар