2016 жылыдың 10 айында Алматыға ең көп оралмандар Өзбекстан мен Қытайдан келді, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Бұл туралы Алматыда Мемлекеттік еңбек және көші-қон инспекциясы басқармасының басшысы Ғаділбек Қарабалаев 2016 жылғы 10 айда заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жұмыстарының қорытындысында айтқан.
«Оралмандардың шыққан елдері негізінен Өзбекстан – 180 адам немесе 48,1%, Қытай Халық Республикасынан - 165 адам немесе - 44,1%, Қырғызстан - 10, Ресей-2, Тәжікстан -2, Түркіменстан 7, Әзербайжан -1, Моңғолия - 2, Түркия - 1», - деді Ғ. Қарабалаев бейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол, жыл басынан бері оралман мәртебесі 374 этникалық қазаққа берілгенін атап өтті. Келген оралмандардың ішінде ер адам - 69, әйелдер - 205. Жұмысқа қабілетті жастағы адамдар - 231.