ЯНУКОВИЧ: МЕНІҢ БАСТЫ ҚАТЕЛІГІМ УКРАИНАҒА ӘСКЕРИ ЖАҒДАЙ ЕНГІЗБЕГЕНІМ

/uploads/thumbnail/20170709173911202_small.png

Украинадан қуылған президент Янукович Украинада майдан көтерілісі болып жатқанда әскер кіргізбегеніне өкінеді.

BBC-дің хабарлауынша, Янукович баспасөз конференциясында Украинаға әскери жағдай енгізуге қол қоймағанына өкінетінін айтқан.

«Мен шынымен де қателік жасадым, әулие емеспін ғой, Украинаға әскери жағдай енгізуге, әскер кіргізу бұйрығына қол қоюға өзіме күш бере алмағаным басты қателігім болды. Бұл радикалдарды тоқтатудың жалғыз шарасы болған болар еді. Мен қантөгіске бармадым», - деді Дондағы Ростовта өткен баспасөз-конференциясында Янукович.

Ол сондай-ақ, егер сол уақытқа қайта оралар мүмкіндік болса бәрібір де ол құжатқа қол қоя алмайтынын, Украина қатты бөлінгенін, өйткен жағдайда азаматтық соғыс туылатынын айтқан.

Украинадан қашып, Ресейге бас сауғалаған Янукович Украинаның территориялық тұтастығын қолдайтынын, әрі тұтастықты сақтап қалу үшін Донбассқа толық құқылы автономия мәртебесін беру және Амнистия жариялау керек екенін айтты. Ол бұл тұрғыда Украин билігін Донбасспен келісімге келуге құлықсыздығы үшін айыптады.

«Қырымның Украинадан айырылып кеткені жақсы болды ма, жоқ, мен жаман болды деп санаймын. Қырым халқының дауысы майдандағы провокацияның кесірі» деді Янукович.

Айта кетер болсақ, Ростов облыстық сотқа Киевтің тергеуіне видео конференция арқылы жауап беру үшін бұрынғы президент келуге тиісті болды. Янукович сотқа келді әрі видео байланысқа да шықты. Дегенмен Киевтегі сотта айыптаушылар келмей қалуына байланысты тергеу 28 қарашаға кейінге қалдырылған.

Янукович сотта майдандағы белсенділерді атты деген қылмыспен айыпталған бұрынғы 5 «Беркут» арнаулы жасағына қарсы куәлік етеді.

Янукович баспасөз-конференциясында майдандағы белсенділерді атқан снайперлердің белсенділер бақылауындағы ғимараттан оқ атқанын, өзінің ешқандай да қарулы күш қолдануға бұйрық бермегенін атап өтті.

Украин билігі оның 2013 қарашасы - 2014 ақпаны аралығында майданға ереуілге шыққандарға бейбіт шара қолданғанына күмән келтіреді.

Украинаның бас прокуратурасы қазір Янукович күдікті ретінде қаралған 8 қылмыстық істі тексеріп жатыр. Сондай-ақ жемқорлық бойынша айыпталған.

Баспасөз-конференциясында бұрынғы украин президенті жемқорлық айыбын жоққа шығарды. Оның сөзінше ол Украинадан тек «қол жүгімен» кеткен. Қазірге дейін Януковичтің шетелдік есепшоттары анықталмаған.

Аударған Қарабура Құлтай

Қатысты Мақалалар