Монғол бишісі ғажайып өнерімен миллиондарды тәнті етті (видео)

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 

Монғол бишісі Шижирбаттың «Mongoliaʼs Got Talent 2016»  шоуының жартылай финалында көрсеткен өнері залдағы көрермендерді қатты таңдандырды. Байқау төрешілерінің де оған берген бағасы аса жоғары болған.  Шижирбат өзінің биіне графикалық, жарық және лазерлік әсер ететін құралдарды әуенмен үндестіре пайдаланған. ҚазАқпарат байқап қойғандай, Қазіргі уақытта оның осынау ерекше биі түсірілген видеоны  YouTube-те 1 миллион 300 мыңдай рет қараған. 

Сахнаны үздік пайдаланған өнер иесінің бұлай танымал болу сыры компьютерлік анимация мен лазерлік көріністі ұтымды пайдалануында болып отыр.

Қатысты Мақалалар