Куба революциясының лидері Фидель Кастро қайтыс болды. 90 жасында өмірден озған әлемдік саясаткердің қазасын Куба мемлекеттік телеарнасы естіртті.
Куба төңкерісшісі, мемлекеттік саяси қайраткер Фидель Алехандро Кастро Рус Кубаның шығыс бөлігіндегі Биран қаласында 1926 жылы 13 тамызда туған.
Отбасы - Ориент провинциясындағы ірі қант плантациясының иелері болған.
Жастайынан білімге құштар Фидель Кастро 1945 жылы Гаван университетіне оқуға түседі. Құқық саласын жетік меңгерген ол студенттік жылдарда саяси қызметке белсене араласады.
Кубалықтар үшін көшбасшы Фидель Кастроның туған күнін атап өту ұлттық мереке айналған.
1963 жылдың 23 мамырында Фидель Кастро Кеңес одағының батыры атағын алды.
Ол, 16 ақпан 1959 жыл — 24 ақпан 2008 жыл Куба Министрлер кеңесінің 15-ші төрағасы болды.
2 желтоқсан 1976 жыл — 24 ақпан 2008 жыл Куба Мемлекеттік кеңесінің тұңғыш төрағасы болды.
Кубаның басшылығына 1959 жылы келген ол, мемлекетті аттай 50 жыл басқарған. Ф. Кастро өзінің денсаулығына байланысты 2008 жылы 24 ақпан күні биліктен кететінін мәлімдеп, орнына бауыры Рауль Кастро Парламент отырысында тағайындаған болатын. Соңғы рет Фидель Кастро биыл тамыздың 13-і күні өзінің 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараға қатысқан кезде жұртқа көрінген.
«Егер ел басқарудың жауапкершілігін бұдан әрі де өз мойныма ілсем, онда менің мұным өз ар-ұятыма, өз абыройыма кір келтіру болып табылар еді. Өйткені менің қазір денсаулығым жоқ. Қартайдым, ауру-сырқаумын…» деген еді Ф. Кастро.