«Агробизнес – 2020» бағдарламалары мақта саласының тиiмдiлiгiн арттырды. Мақта өндiрушiлерге субсидия бөлу, жанар-жағармайды, тыңайтқыштарды, ағын суды, химиялық препараттарды пайдалануда 40 пайыздық жеңiлдiк беру шаруалардың ынтасын арттыра отырып, жоғары өнiмдi, сапалы мақта өндiруге қол жеткiздiк. Астанада өткен агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң республикалық кеңесiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруде және өңдеуде, соның iшiнде, оңтүстiктегi мақта шаруашылығының жоғары әлеуетiн ашуда кластерлiк жүйенi белсендi пайдаланудың қажеттiлiгiн, осы арқылы тоқыма өнеркәсiбiн дамытуға болатынын, мақта өндiру, өңдеу саласының келешегi бар екенiн баса көрсеттi. Жаңа тәсiл мен инновациялық-индустриалдық технология негiзiнде бәсекеге төтеп беретiн өнiм шығаруға, ауыл шаруашылығы ғылымын, оның iшiнде қолданбалы аграрлық зерттеулердi дамытуға назар аударды.
Елбасы мақта саласын дамытуда алға қойған межелердi өзi тiкелей бақылауға алды. Сөйтiп, Оңтүстiк Қазақстан облысында еркiн экономикалық аймақ құрылып, Қазақстанның мақта-тоқыма кластерiнiң алғашқы қазығы қағылғаны белгілі. Ендi осы iстiң жемiсiн көрiп отырмыз. Өйткенi, облыста өндiрiлген мақта талшығының 30 пайыздан астамы терең өңделiп, яғни жiп иiретiн, мата тоқитын, жаңа үлгiдегi бәсекеге қабiлеттi дайын бұйымдар өндiретiн фабрикалар iске қосылды. Мыңдаған жұмыс орны ашылды, ал, бұл көрсеткiш егемендiктiң алғашқы жылдарында небәрi 3-4 пайыздан аспайтын едi.
Егер облыста өндiрiлген мақта және оның жанама өнiмдерiн терең өңдеп, дайын бұйым жасап экспортқа жiберсек, 2 млрд. АҚШ долларына жуық табыс табар едiк. Қазiргiдей экономикалық дағдарыс белең алып, мұнай бағасы арзандап жатқан уақытта мақта саласын дамытып, оны терең өңдеп, тауарларды экспортқа шығару елiмiздiң экономикасын бiршама дамытуға оң әсерiн тигiзерi сөзсiз.
Соңғы жылдары қазақ мақтасы бүкiл әлемдiк мақта өсiретiн мемлекеттер арасында өнiмдiлiк бойынша бейресми рейтингте алдыңғы қатарлы орындарды иеленiп жүр. Мақта өндiретiн 95 мемлекеттiң арасында елiмiз 2013 жылы 11-шi орында болса, 2014-2015 жылдары 10-шы орыннан көрiндi. Өнiмдiлiк әр гектардан 29,5 центнерден асты. Облыста бұл көрсеткiштi жақын арада әр гектардан 35-40 центнерге жеткiзуге толық мүмкiндiктер бар. Өйткенi, мақта өндiру саласында әлi пайдаланылмай жатқан мүмкiндiктер және кедергiлер жеткiлiктi.
Сондықтан «Агробизнес-2020» бағдарламасы мақта өнеркәсібіне үлкен серпін берді де айтуға толық негіз бар. 2020 жылға дейін де атқарылатын шаруа да мақсаттар да жеткілікті. Сондықтан барлығы алдағы уақыт еншісінде деп білемін.
Елдос Ахметай