"Бес жал" астық орудан ілгері келуде

/uploads/thumbnail/20170709174307346_small.jpg

 Қазақстанда ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлінеді. Себебі, Қазақстан жер көлемі жөнінен әлемде 9 орын алады. Сондықтан да, Қазақстанда ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіншілік мол. Осы мақсатта елімізде «Агробизнес 2020» бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Бұл бағдарлама ауыл шаруашылығымен айналысатындарға жағдай жасап, демеп отырады. Осы бағдарламаның аясында Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылының 1,5 мың гектар жеріне «Бес жал» өндірістік кооперативі «ҚазАгроқаржыдан» жеңілдетілген несие алып, «стекловидная-24» атты сортты бидай екен болатын. Енді міне, қазір кооператив осыдан мол өнім алып отыр. Түлкібас ауданы Қазақстандағы бірден-бір малға да, егіске де жайлы шұрайлы жер, түгін тартсаң май шығатын қасиеті бар. Жалғыз бидай ғана емес, мақсары, жоңышқаны молынан егу керек, тек бұған жердің сапасын жоғалтпай, күтіп ұстаса болғаны, - дейді «қазақ бидайының атасы» атанған академик Рахым Оразалиев өндірістік кооператив төрағасына. – Біз ең бірінші кезекте бидай тұқым шаруашылығын қолға алуымыз керек. Өйткені, астықтан гөрі тұқымдық етіп, нарыққа шығарған әлдеқайда пайдалырақ. Мәселен, Қазақстан жыл сайын 16 миллион тонна астық өндіріп жатыр, елдің ішіндегі халықтық тұтынуға соның сегіз миллионы жеткілікті, қалған сегізін экспорттап жатырмыз. Болашақта астық тұқымын өңдейтін, әрі тұқым шаруашылығын жолға қоятын алып екі зауыт салынғалы тұр. Бұл жоба үкіметке ұсынылады, - деп сөзін Рахым Оразалиев сөзін қорытындылады. 

«Бес жал» ӨК де тұқым шаруашылығымен айналысады. Кооператив қожайыны Спабек Іңкәрұлының қолынан іргелес жатқан төрт аудан Сайрам, Төлеби, Бәйдібек, Түлкібас ауданының өзіндегілер арнайы келіп, бидайлық тұқым сатып алады. Былтыр 25 центнер өнім алған, биыл одан екіс есе артық өнім алды десе болады. Нақтырақ айтқанда, 40 центнер өнімге қол жеткізді.

http://rgmedia.kz/

Қатысты Мақалалар