Оңтүстік Қазақстан Чили Республикасымен бірлесе ауыл шаруашылығын дамытпақ

/uploads/thumbnail/20170709174316878_small.jpg

 

Шымкентке Чили Республикасының құрметті консулы Леонидом Шейнгезихтом келді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екі жақты кездесу барысында шетелдік қонақ Чилидің ауыл шаруашылығы,  медициналық техниканы өндіру, топырақ ресурстарын және туризмді дамыту, өндіру кезінде пайдаланылатын өңдеу зауыттарын салу, экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, Қазақстан-Чили арасындағы технология нарығын қолдану жөнінде мысалдар келтірді.

Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай мен аппарат басшысы Рашид Аюпов Шымкент қаласының агрорлық саладағы болашақ мүмкіндіктері туралы айтып, ірі кәсіпорындар өз тауарларын экспорттауға қабілетті екендігін тілге тиек етті. Кездесу барысында қала іргесіндегі қорғасын-фосфат қалдықтарды қорту жұмыстарына шетелдік мамандарды шақырды.

Сонымен қатар, Чили Республикасының құрметті консулы Леонидом Шейнгезихтом Шымкент пен Арика қалалары арасында экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуға шақырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, осы аптада Шымкент қалалық әкімдігі сондай-ақ Германияда келген инвесторларды қабылдаған болатын. Биыл сәуір айында облыс орталығында «Шымкент» ӘКК» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы мен ОҚО әкімдігінің қолдауымен «Ontustik Invest - 2016» Халықаралық Инвестициялық Форумы өтті.Форум барысында өткен іскерлік кездесулердің нәтижесінде ОҚО территориясында машина жасау, агро-өнеркәсіптік кешен, фармацевтика, текстиль және логистика салалары бойынша бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жалпы сомасы 830 млрд теңгені (2 451,5 млрд. АҚШ долл)  құрайтын 41 меморандумға қол қойылды. Осы инвестициялық жобалар «Үдемелі индустриялды инновациялық даму», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыруға зор серпін береді деген сенім бар. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы инвестиция тарту бойынша республикада көш басында тұрған өңір саналады.

 

Қатысты Мақалалар