2016 жылы, 26 қараша күні таңға жақын, атап айтқанда сағат 06.30 мөлшерінде Зуқа батырдың Ыстамбұлда тұратын кенже ұлы 90 жастағы Сауат Шетин қажы өмірден озды. Жаназасы ертең бесін намазында Гүнешлі Казаккент Алтай мешітінде оқылады. Бұл туралы Ыстамбұлда тұратын этникалық қазақ Әбдуақап Қара хабарланды.
Жаназаға Зуқа батырдың Германия, Франция, Австрия және Қазақстан елдерінде тұратын ұрпақтары келіп жатыр.
Зуқа батырдың ен кеңже ұлы болып табылатын Сауат қажының Гүнешлі ауданындағы отбасылық бейітке жерленетіні мәлімделді.
«Қамшы» порталы ұжымы Сауат қажы Зуқаұлының қазасына байланысты жақын туыстарына көніл айтып, қайғыларына ортақтастық білдіреді.