Өңiр басшысы Б.Атамқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терiмiнiң барысымен танысты.
Сонымен қатар, облыс әкiмi «Ақ керуен —2016» мерекелiк шарасына қатысып, диқандармен жүздестi. Кездесу барысында өнiмнiң түсiмi мен сапасы және мақта шаруашылығындағы өзектi мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мақта өнеркәсібінің дамуы, жаңа технологиялардың тиімділігі, экономикаға қосар үлесі мен болашақ қарқыны және т.б. мәселелер.
Жердi өңдеудiң жаңа әрi тиiмдi тәсiлiн қолданудың арқасында Мақтааралдағы 83 мың гектардан астам жерге себiлген шиттi мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнiм алынуда. Мақта өте нәзік, кірпияз өсімдік. Жауы көп. Құрттар мен түрлі зиянкетердің алдын алып отырмаса, мезгілінде су ішпесе, агротехникалық талаптар орындалмаса өнім бермей қалатын сәттері бар. Ливерпуль мақта биржасындағы бағаға тәуелділігі де шаруалардың қалтасына әсер етеді.Бүгiнде аудандағы мақта қабылдау бекеттерiне 34 мың тоннадан астам «ақ алтын» келiп түскен. Мақтааралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа терiп алуды жоспарлап отыр. Диқандар бүгiнгi таңда мақтаның келiсiн 170 теңгеден өткiзуде.
Мақталы аймақта болған облыс әкiмi сонымен қатар сүт өңдеу цехы мен май шығару цехында болып, мақта шикiзатын өңдеу процесiмен танысты.
http://okg.kz/