МАҚТААРАЛДЫҚТАР МЕЖЕСI – 200 МЫҢ ТОННА!

/uploads/thumbnail/20170709174442269_small.jpg

 

Өңiр басшысы Б.Атамқұлов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терiмiнiң барысымен танысты.

Сонымен қатар, облыс әкiмi «Ақ керуен —2016» мерекелiк шарасына қатысып, диқандармен жүздестi. Кездесу барысында өнiмнiң түсiмi мен сапасы және мақта шаруашылығындағы өзектi мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мақта өнеркәсібінің дамуы, жаңа технологиялардың тиімділігі, экономикаға қосар үлесі мен болашақ қарқыны және т.б. мәселелер.

Жердi өңдеудiң жаңа әрi тиiмдi тәсiлiн қолданудың арқасында Мақтааралдағы 83 мың гектардан астам жерге себiлген шиттi мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнiм алынуда. Мақта өте нәзік, кірпияз өсім­дік. Жауы көп. Құрттар мен түр­лі зиян­ке­тердің алдын алып отырмаса, мез­гілінде су ішпесе, агротех­никалық талаптар орындал­маса өнім бермей қалатын сәттері бар. Ливерпуль мақта биржасындағы ба­ғаға тәуел­ділігі де шаруалар­дың қал­тасына әсер етеді.Бүгiнде аудандағы мақта қабылдау бекеттерiне 34 мың тоннадан астам «ақ алтын» келiп түскен. Мақтааралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа терiп алуды жоспарлап отыр. Диқандар бүгiнгi таңда мақтаның келiсiн 170 теңгеден өткiзуде.

Мақталы аймақта болған облыс әкiмi сонымен қатар сүт өңдеу цехы мен май шығару цехында болып, мақта шикiзатын өңдеу процесiмен танысты.

http://okg.kz/

Қатысты Мақалалар