Егістік алқабын сақтаудың жолдарын білген маңызды

/uploads/thumbnail/20170709174957696_small.jpg

 

Биылғы, яғни 2016 жылы көктем айларында жауын-шашын шамадан тыс түсті. Таулы ауылдарда бұршақты болып, масақты дәнді дақылдарымыз жерге жатып қалғанын көріп журміз. Осындай кезде егістік алқаптарын агроқұрылым басшылары ҚР «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңына сай, заңды түрде сақтандырып қойған болса, күз-көктем айларында егіс егуге кеткен шығындарының бір бөлігін өтеп алуға болар еді. Алдағы кезде биылғыдай ауа-райы қайталануы мүмкін. Сондықтан агроқұрылым басшылары аталған Заңға сәйкес, егістік алқаптарын сақтандыруы қажет және міндетті. Енді аталған Заңға тоқталсақ, ҚР «Өсімдік шаруашылығындағы міндеггі сақгандыру туралы» Заңы 2004 жылы 10 наурызда (№533) қолданысқа енгізілген.

Осы Заң өсімдік шаруашылығындағы міндеггі сақгандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандырудың мақсаттары 1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушінің мүліктік мүдделерін осы Заңда көзделген жағдайларда, мөлшерде және тәртіппен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қолайсыз табиғат кұбылыстарының зардаптарынан қорғауды қамтамасыз ету; 2) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге сактандырылған егісті кепілге қою арқылы кредит беру үшін жағдай жасау; 3) өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиімділігін артгыруға жәрдемдесу болып табылады. Сақтандыру төлемдерін мемлекеттік субсидиялау ескеріле отырып, міндетті сақтандыру шартында белгіленген өсімдік шаруашылығы өнімінің түрі бойынша сақтандыру сомасынан процентпен есептелген мынадай ең төмен және ең жоғары мөлшердегі сақтандыру тарифтері төмендегідей; 1) Дәнді дақылдар (Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша) ең төменгі - 3,17 % - ең жоғары 5,83 %. 2) Майлы дақылдар (Республика бойынша) ең төмен - 2,01 %, ең жогары - 3,44 %. 3) Қант қызылшасы (Республика бойынша) ең төмен - 5,76 %, ең жогары - 8,39 %. 4) Мақта (Республика бойынша) ең төмен - 0,92 %, ең жоғары - 1,33 %. Сақтандыру төлемінің мөлшерін белгілеу сақтанушының өтінішіне байланысты құрылған комиссия, өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекетгік орган бекіткен апатқа ұшыраған егіс алаңын анықтау әдісі бойынша зерттейді және зерттеу нәтижелері бойынша өсімдік шаруашылығындағы өнімнің апатқа ұшырау деңгейін анықтайды: толық немесе ішінара. Өсімдік шаруашылығындағы міндетгі сақтандыруды мемлекеттік қолдау сақтандырушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жагдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу процентін өтеу және агент көрсететін қызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетгі мемлекеттік органга тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады. Аталған Заңға сәйкес, міндетті сақтандыру шартын жасасу өсімдік шаруашылығының өнімін өндірушілер мен сақтандырушылар үшін міндетті болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республиикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

С.АЛСЕИТОВ. Мақтарал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қатысты Мақалалар