«Қазақфильм» АҚ «Батыс Қытай фильм» корпорациясымен бірлесіп түсіреді делінген фильмге байланысты түсініктеме берді. Еске салсақ, «Қазақфильм» АҚ мен «Батыс Қытай фильм» корпорациясы бірлесіп, «Махаббат өткелдері» атты Қытайға тиген қазақстандық қыз туралы романтикалық комедия түсірмекші болғанын хабарлаған болатынбыз.
Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қоғамның наразылығына ұшыраған еді. Осыған байланысты, «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі «Қазақфильм» АҚ қытайлық кинематографистермен меморандумға қол қойылғанын, бірақ әзірге нақты жобалардың талқыланбағанын хабарлады. «Қазіргі уақытта Қазақфильмнің Қытаймен бірлескен бір ғана жобасы бар - ол бір кездері КСРО-да өмір сүріп, қызмет атқарған талантты қытайлық композитор Си Синхай туралы «Композитор» фильмі (Оның есімі Алматы мен Астана көшелеріне берілген)», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.