Литвада оқып жүрген қазақ қызы

/uploads/thumbnail/20170709175056212_small.jpg

Әр пенденің басында әртүрлі арман бар. Біреудің бай болғысы,  төрт түлігі сай болғысы келеді. Ал біреулер ғылым-білім қуып адамзатқа , қоғамға үлес қосқысы келеді. Дәл осындай ізгі арманы мен мұраты өзін шетел асып оқуға жетелеген қарапайым қазақ қызына Литва елінде кездестік.  

Осы жылдың 6-қараша күні Абай атындағы қазақ ұлыттық университетінің магистранттары салауатымызбен  «шетелде білім асыру» бағдарламасы бойынша Литва еліне қадам тастадық. Мақсатымыз сондағы мемлекеттік оқу-ағарту университетінің профессорларынан лекция тыңдап, тәжірибе алмастырып,ой өрісімізді кеңейту. Біз қонақжайға түстеніп жатқанда Литва елінің Астанасы Вильнюс қаласында білім алып жатқан қазақ қызы ата мекенінен жерлестері келгенін естіп, бізді іздеп келді. Аталған жерлесіміздің аты-жөні Меруерт Сүлейменова.  

Меруерт Сүлейменова 1994 жылдың тумасы. 2015 жылы Алматыдағы абай атындағы қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің химия мамандығына магистратураға қабылданған. 2016 жылы Абай атындағы қазақ ұлыттық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша екі кезеңнен тұратын сынақтан өтіп, Литва еліндегі 450 жылдық тарихы бар Вильнюс университетінде білім асыруға мүмкіндік алады. Арманына қанат байлаған қазақ қызы өз оқу орынының демеуімен биылғы қыркүйек айынан бастап Литва елінде білім алуда. Ондағы білімпаз оқытушылардың Қазақстан мен Литва елінің білім беру жағында қандай айырмашылықтар бар деген сұрағымызға ол :  «Қазақстан мен Литва елінің жоғары оқу орындарының білім беру жүйесі арасында аса үлкен айырмашылық жоқ. Екі елдің де оқытушыларының дәріс кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері де негізінен ұқсас. Айта кетуге татитыны Литва елінде студенттердің білім алуына тамаша жағдай жаратылған. Мысалы,  тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана білім нәрін іздеген әр студентке ізденудің қолайлы ортасы. Бұл университеттің кітапханасы мол кітап қорымен бай, әрі барлық жаңа технологиялармен жабдықталған»  деп жауап берді.  

Ол тағы «Литва елінен алған ерекше әсерімнің бірі Литва халқының ана тіліне деген ерекше құрметі мен сүйіспеншілігі,  әрі мұндағы жастардың ана тілімен қоса ағылшын тілінде еркін сөйлесуі болды» дейді.  

Өз мамандығының соңына түсіп, туған елі мен жұртына үлес қоссам деп жүрген қазақтың қызы тек ата-анасының ғана емес, елінің мақтанышы болуға лайық екенін, шетелде білім алу үлкен жауапкершілікті талап ететінін,  өз елінің сенімін ақтап,  абройын арттыру өзі секілді әрбір зиялы жастың міндеті екенін аңғартқандай.  

Дүйсенәлі Әлімақын 

Абай атындағы қазақ ұлыттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты

Қатысты Мақалалар