Кентау қаласында мемлекеттік Үдемелі индустриялды инновациялық даму бағдарламасы өз деңгейінде атқарылып келеді. Мәселен шаһардың ауыл шаруашылығы саласында 964,4 миллион теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға артқан. Оның ішінде, мал шаруашылығы 684,4 миллион теңгені құрап, 104,6 пайызға, егін шаруашылығы 280,0 млн.теңгені құрап, 99,7 пайызға жоғарылады. Қала бойынша 2 гектар жылыжай салу жоспарланып, 0,9 гектар іске қосылып, жылдық жоспар 45,0 пайызға орындалды, жалпы көлемі 13,5 гектарға жетті, саны 105 бірлікті құрады. Әдісін 250 гектар жерге енгізу жоспарланып, жылдық жоспар 100,0 пайызға орындалды. Жалпы 523 гектарға енгізілді. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 90 ірі қара мал алынып, жылдық тапсырма (200 бас) 45 пайызға орындалды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 40 бас жылқы сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңға 15 бас жылқы алынып, жылдық жоспар 37,5 пайызға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 бас аналық қой алынып (жылдық жоспар 200 бас), тапсырма 150,0 пайызға орындалды. Есепті мерзімде 44 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, (тапсырма 43 бірлік), жылдық тапсырма 102,3 пайызға орындалды. Жалпы 186 бірлікті құрады. 18 шағын жанұялық сүт аулаларын ашу жоспарланып, 11 бірлік шағын жанұялық сүт аулалары ашылып, жылдық тапсырма 61,1 пайызға орындалды. Жалпы 31 бірлікті құрады. Ата кәсіп саналатын мал шаруашылығында да айтарлықтай өрлеу бар. Мәселен ірі қара мал басы 11916 бас 116,6%-ға, қой-ешкі 56092 бас 131,9%-ға, жылқы 1586 бас 125,6%-ға, құс 14700 бас 92,0%-ға, шошқа 59 бас, 67,8% құрап отыр. Ал мал өнімдеріне тоқталар болсақ: ет 587,1 тонна 102,9%-ға, сүт 2997,0 тонна 108,4%-ға өсті, жұмыртқа 597,2 мың дана 114,1%-ды құрады.
http://rgmedia.kz/
Пікір қалдыру