Шардарада «Алтын асық» бағдарламасы артығымен орындалуда

/uploads/thumbnail/20170709175614747_small.jpg

 

Шардара ауданында мемлекет тарапынан жасалған жағдайлар мен берілген мүмкіндіктерді пайдасына дұрыс пайдалана білген шаруалар бір ғана «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1275 бас ірі қара сатып алған. Жоспар бойынша шағалалы аймақта мың екі жүз бас сатып алыну керек болатын. Нәтижесінде тапсырма 106,3 пайызға артығымен орындалған.

Шардара ауданында атқарылған жұмыстар туралы аймақтың ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сүйенсек, «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мал шаруашылығын дамыту  іс-шараларының 2014-2016 жылдарға арналған жоспарының»  бағыттары бойынша аудан әкімі тарапынан қала, ауыл округтерінде мал бордақылау алаңдарын, шағын сүт фермаларын ашу және сүт қабылдау бекеттерін құру туралы іс-шаралар жоспары бекітілген. Жылдық жоспар бойынша 145 мал бордақылау алаңын іске қосу көзделген болса, алты айда соның жартысынан атамы жүзеге асқан. Нақтылап айтқанда бүгінде 85-і жұмыс істеп тұр. 

«Құлан» бағдарламасы бойынша үш жүз бас жылқы алу жоспары бекітіліп, тапсырма 258 басқа орындалды. Ал «Сыбаға» бардарламасы бойынша асыл тұқымды етті бағыттағы бұқа алу тапсырмасы 60 бас болса, оның 44 басы сатып алынған. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша биылдыққа 2100 бас уақ мал сатып алу көзделген болса, жарты жылдың өзінде 2670 басқа жеткізіліп, тапсырма артығымен орындалған.

Сонымен қатар 5-10 бас ірі қарадан тұратын 18 шағын жанұялық ферма құру тапсырылған болса, соның бүгінде 18-і орындалған.

Мал шаруашылығын дамыту бойынша алты айда түйе 2190 басқа, жылқы 6227 басқа, ірі қара мал 30288 басқа, қой 196089 басқа, ешкі 9025 басқа жеткізіліп, 2877,7 тонна ет, 9457,1 тонна сүт өндірілді.

http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар