Қос шаруашылық округті қамтамасыз етіп отыр

/uploads/thumbnail/20170709175712529_small.jpg

 

 «Агробизнес-202» бағдарламасы ауыл шаруашылығымен айналысатын диқандар мен малшыларға, шаруа төрағаларына тың серпіліс бергені анық. Осы бағдарламадан көмек алып, өз шаруаларын дөңгелетуге барларын салып келеді. Әрине, «Агробизнес-202» бағдарламасы аясында екінің бірі көмек ала алмайды. Көмек алу үшін шаруа қожалығының бизнес жоспары секілді біраз мәліметтер болу керек. Бұл бағдарламадан көмек алған шаруалар мемлекетке салық төлеп, жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтығаны маңызды.

Жақында Түлкібас ауданының әкімі Әуелхан Тұрғымбеков жұмыс бабымен ауылдарды аралап, жай-күйімен танысып шықты. Әкім Келтемашат ауылдық округіне арнайы ат басын бұрды. Мұнда аудандағы ең ірі шаруашылықтың бірі – «Агробизнес-202» бағдарламасы аясында көмек алған «Дос би» ЖШС және «Бес жал» шаруа қожалықтарымен танысқан аудан әкімі мұндағы тіршілікке қызығушылықпен қарап, шаруа жайына қаныға түсті. Серіктестіктің бес мың гектар жері, техникасы түгел, одан бөлек мал фермасы, бау-бақшасы бар. Өздерінің сүт өнімін өңдейтін, қымыз дайындайтын цехы жұмыс атқарады. Шаруашылықта 128 ауыл тұрғындары еңбек етеді. Жалақы 40-60 мың теңге шамасында беріледі. 

 Ауылдың әлеуметтік жағдайы осы шаруашылықтың мойнында. Тұрғындардың мұқтажын өтеуде олар аянып қалған емес. Аз қамтылған, ауру-сырқау, мүгедек жандарға олардың көмегі әрқашан дайын. Ауылда осы шаруа қожалықтарының қатысуынсыз ешқандай іс-шаралар өтпейді. Әсіресе, Наурыз мерекесі қысқа Машат өзені бойында айтарлықтай дәрежеде өтеді. Мұндағы бірлік пен ынтымаққа көңіл толады. Жастар тәрбиесінде ардагер ағалардың алар орны ерекеше. Қысқасы, бұл округ өз ісін өздері дөңгелетіп келеді.

http://rgmedia.kz/

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар